Димаш Құдайберген «I'm in China» жобасы аясында бірінші ресми елші атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда үлкен танымалдылыққа ие болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «I'm in China» жобасы аясында бірінші ресми елші ретінде пандалардың қорығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде «не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа еніп жатқан мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында үлкен назарға ие?» деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануардың әлем бойынша 2 мыңға жуық қана саны қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді!... Мен кеше олармен кездестім...», - деп жазды әнші Инстаграмдағы өзінің парақшасына.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген Қытайдың Сычуан өлкесі жер жүзіндегі барлық пандалардың отаны болып табылатынын айта келе, олармен жақынырақ танысу үшін Чанду қаласына арнайы ұшып барғанын жазды.

«Әлем бойынша тұңғыш рет "I'm in China" жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!», - дейді ол.


Еске салайық, осы күндері отандасымыз Қытайдың Hunan.TV телеарнасындағы «Singer» ән байқауына қатысып жатыр. Бүгінгі уақытқа дейін байқаудың 6 кезеңі өтті, барлығы 10 кезеңнен тұрады. Димаш олардың барлығында да қажетті дауыстар жинап, келесі кезеңге өтіп отырды. Ерекше талантымен қытайлық көрермендерді тамсандырған ол, бірнеше кезеңде алғашқы орыннан көрінді. Димаш Құдайберген қытайлық сахнада  француз тіліндегі «SOS d'un terrien en détresse» композициясын,  28 қаңтар күні өткен екінші кезеңде ресейлік Витастың «Опера №2» әнін,  Queen тобының «Show must go on» әнін,  қытай тілінде «Күзгі мұң», Питер Джин Эрнандестің (Бруно Марс) репертуарынан «Uptown Funk» әндерін және соңғы өткен 6-кезеңнің түсірілімінде әлемге танымал әнші Лара Фабианның  репертуарынан «Adagio» әнін  орындады.  Бұл кезең Қытай телеарналарының эфирінде 25 ақпан күні көрсетіледі. Қытайлық әлеуметтік желілердің жазуынша, Димаш аталмыш соңғы кезеңде бірінші орынға қол жеткізді.



Айта кетейік, «I am singer» байқауының ережесіне сәйкес , іріктеу кезеңі 5 айналымнан, әр айналым 2 кезеңнен тұрады (жалпы 10 кезең). «Жұбату» белдесуі, жартылай финал және екі кезеңнен тұратын финалмен жеңімпаз анықталады. Финал тікелей эфирден көрсетіліп, іріктеу кезеңі алдын ала түсірілімнен кейін көрсетіледі.

I айналым: 21 және 28 қаңтар.

II айналым: 4 және 11 ақпан.

III айналым: 18 және 25 ақпан.

IV айналым:  4 және 11 наурыз.

V айналым: 18 наурыз, 25 наурыз.

Жұбату белдесуі: 1 сәуір

Финал: 8 және 15 сәуір күндері.

 

2008 жылғы Қытайдағы жерсілкінісі туралы естіген боларсыздар. Жүз мыңдаған адамдар қайтыс болып, миллиондар ес-түссіз жоғалды. Бұл оқиға дәл осы Сычуен өңірінде болған болатын. Ал біз бүгін осы өңірдің орталығы Чанду қаласына келдік. Бүгінгі тұрмыстары, тіршілігі жақсы. Көңіл-күйлері жарқын жергілікті тұрғындар бізді өте жақсы қарсы алды. Бұл өңір сонымен қатар Пандаларымен де танымал. Әлем бойынша Пандалардың Отаны да осы өңір болып табылады. Жер жүзі бойынша аз қалған жануарлардың әр біреуінің өз аты-жөні бар. Әр біреуінің тағдыры мемлекет бақылауында. Қытайда панданы өлтіргені үшін адамдарды өлім жазасына кесетін заң бар! Бұл жануарлар өте киелі, сүйкімді, ерекше! Бұрын пандалар туралы көп оқитынмын. Міне, оларды өз көзімізбен көріп, тамақтандырып, тұрмысымен таныстық! Ал досым @kudaibergenov.dimash әлем бойынша ресми түрде бірінші Ambassador атанды! Бұл Қытай мемлекетінің өнер адамына көрсеткен құрметі деп білеміз! "Мысық-аюлар"-мен қимастықпен қоштасып, келесі кездескенше дедік! 🐼🐼🐼 P.S. @kanat_sveta_aitbaevtar маған АлпаПанда дейді!!! Ұқсаймын ба Пандаға?! 🙄🐼🙄 #DQ #DQLEGENT #TheSingerDimash #АлпаПанда

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov) Фев 19 2017 в 1:17 PST

Соңғы жаңалықтар