Димаш Құдайберген «Грэмми» иегерімен бірге ән жазып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Грэмми» сыйлығының иегерімен бірге ән айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақын арада Грэмми жүлдесінің иегерімен дайындап жатқан дуэтімізді күтіңіздер...», - деп жазды Димаш Инстаграмдағы парақшасына. Дегенмен ол нақты кіммен бірге ән шырқайтынын жазбады.  

Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында Димаш Құдайберген Лос-Анджелесте белгілі продюсер, композитор, Грэмми сыйлығының иегері Уолтер Афанасьеффпен кездесті.

«Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол «GRAMMY» жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жұмыс жасаған ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған «Титаник» телефильмінің саундтрегі «My heart will go on» əнін де дүниеге алып келген - осы Уолтер мырза. «Құбыжық пен сұлу», «Аладдин» (1992), «Жеке қорғаушы» (1992), «Сен ғана» (1994), «Геркулес», «Ойын» (1997), «Бөтен қарындас» (1999), «Үй күтуші ханым» (2002).  Джеймс Бондтың «Өлімге берілген рұқсатнама» фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз», - деп жазған еді Димаш Инстаграмда.

Еске салайық, осы күндері қазақстандық әнші D-Dynasty әлемдік турнесімен Қытайда өнер көрсетуде. Әнші аспан асты елінің бірқатар қаласында концерттерін беріп үлгерді, олардың арасында Фучжоу, Чанша бар.

 

Соңғы жаңалықтар