Димаш Құдайберген фанаттарымен тікелей эфирде кездеспек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлер қауымымен тікелей эфирде кездесуге уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті өте жақсы өткізді. Мен сіздермен 31 қаңтардағы онлайн-концерт эфирінен кейін болатын тікелей эфирде кездесуді асыға күтетінімді айтқым келеді. Менің сіздерге айтарым бар! Мен сіздерді жақсы көремін! Рақмет!», - деп жазды Димаш Instagram-парақшасында.

Шара барысында жанкүйерлер Димашқа сұрақтарын қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады.


Еске салайық, Димаш Құдайберген TIXR америкалық стриминг-платформада онлайн-концерт өткізген болатын. Концертті 100 елдегі жанкүйер тамашалады.

Көптеген фанаттың өтінішіне байланысты аталмыш шоу 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де қайтадан көрсетіледі. Димаш өнерсүйер қауыммен тікелей эфирді осы көрсетілімнен кейін өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ бұған дейін хабарлағанымыздай, жақында қазақстандық әншінің «Golden» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны шығатын болады.



Соңғы жаңалықтар