Димаш Құдайберген Ержан Максимнің концертіне қатыса ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жас әнші Ержан Максимнің концертіне Димаш Құдайбергеннің қатысатыны жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір біреуден озып, ештеңе дегім келмейді. Келісімдердің бәріне түпкілікті қол қойылғаннан кейін бұл жайында нақты айта аламыз. Ешқандай құпияның жоқтығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Валерий Меладзеге өтініш жасап едік, қуана келісті. Сондықтан, жас өнерпаздарды қолдауға бағытталған осындай акциялар көп болса деген тілек бар», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік əнші əрі продюсер Валерий Меладзе жас əнші Ержан Максиммен кездесіп, елордада өтетін жеке концертіне келуге уəде берген болатын.

Соңғы жаңалықтар