Димаш Құдайберген Джеки Чанның киноапталығына қатысу үшін Қытайға келді

None
None
ҚЫТАЙ. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген Бесінші халықаралық экшн-фильмдер апталығына қатысу үшін Қытайға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бейжіңнен Да Тон қаласына аман-есен жеттiк», - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында.

Танымал қытай актері Джеки Чанның халықаралық экшн-фильмдер апталығы 21 шілдеде Да Тон (Datong) қаласында басталады. Димаш фестивальдің ашылу салтанатында ән шырқайды.

Айта кетейік, қазақстандық әншіні Бейжің әуежайында қытайлық фанаттары күтіп алды.

Джеки Чанның бесінші халықаралық экшн-фильмдер апталығы 27 шілдеде аяқталады.

Соңғы жаңалықтар