Димаш Құдайберген Джеки Чанның фестивалінде айтқан әнінің видеосын жариялады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Датұң қаласында өткен Джеки Чанның Бесінші халықаралық экшн фильмдер апталығының шымылдығын қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әнші Instagram-дағы парақшасына фестивальдің ашылу салтанатында айтқан әнінің видеосын жариялап, «Джеки Чан ағамыздың кешінен» деп жазды.
Видеодан Димаштың өнеріне ұйыған жұрттың бірге әндеткені көрінеді.
Еске сала кетейік, Димаш пен Джеки Чан бұрыннан жақсы таныс. Қазақ әншісі Қытайда өткен I am Singer жобасында миллиондаған қауымның жүрегін жаулаған болатын. Сонда әйгілі актермен кездесіп, иығына қазақтың шапанын жауып, қоңыр үнді домбырасын да сыйға тартқан еді.
Сол жолы Димаш Инстаграм парақшасына: «Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыра сыйладым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның Әлқисасынан шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы «Kung Fu Yoga« кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл- кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!», - деп жазған болатын.
Айта кеткен жөн, бұған дейін Димаш Құдайберген Бесінші халықаралық экшн-фильмдер апталығына қатысу үшін Қытайға келгенін хабарлаған едік. Ол 27 шілдеге дейін жалғасады.
Әлеуметтік желілерден алынған фото
- Қазақтың «Тақиялы періштесі» өмірден озды
- «Астана Балет» сахнасында Мариин театрының солистері өнер көрсетеді
- Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады
- Елордада энтузиастер продюсерсіз, бюджетсіз криминалдық драма түсірді
-
Димаштың онлайн концертін 100 елдегі жанкүйерлер тамашалады
-
Нью-Йорк конкурсында қазақстандық актер үздік деп танылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам