Димаш Құдайберген Джеки Чанға шапан кигізіп, домбыра сыйға тартты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда Singer 2017 ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чанмен кездесіп, қазақи шапан кигізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш өз инстаграм парақшасына «Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!», -  деп жазды.

Соңғы жаңалықтар