Димаш Құдайберген: Дәрігерлер ең жоғары құрметке лайық
2020 жылғы 26 наурыз 10:55

Димаш Құдайберген: Дәрігерлер ең жоғары құрметке лайық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавирус дертімен ауырғандарды емдеп жатқан мдициналық қызметшілерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медициналық қызметшілерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына .

Сондай-ақ, ол медицина қызметшілерінің еңбегі үлкен құрметке лайық екені туралы жазды.

«Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайықты. Еліміздегі барлық дәрігердің жалақысы көтерілсе жақсы болар ед», - деп жазды ол.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT