Димаш Құдайберген Billboard хит-шеруінде ТОП-10 енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» әні Billboard's Hot Trending Songs хит-шеруінде 6 орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Billboard's Hot Trending Songs – «Billboard» атты америкалық музыка журналының жаңа чарты. Бұл чарт әншілердің әні мен есімі Twitter қолданушыларының арасында қанша рет аталғаны бойынша рейтинг түзеді.

Ал Billboard журналы жаһандағы музыкалық тенденцияларды және олардың нақты уақытта қалай талқыланып жатқанын бақылайды. Осыдан кейін бақылау қорытындысын басқа чарттардың нәтижесімен бірге жариялайды.

Өткен аптада «Fly Away» ең трендтегі әндердің алғашқы жиырмалығына еніп, 19-шы орынға ие болған еді. Осы аптаның қорытындысы бойынша Димаштың композициясы Twitter-дегі ең көп айтылатын және талқыланатын әндердің ондығына кірді. Осылайша бір аптаның ішінде 13 сатыға көтеріліп, 6-орынға шықты. Димаш «Fly Away» композициясын алғаш рет 24 тамызда «Новая волна» фестивалінде ұсынған болатын.



Димаш «Fly Away» композициясын алғаш рет 24 тамызда «Новая волна» фестивалінде ұсынған болатын.

Еске салсақ, аталмыш «Fly Away» әні Жапонияның FM Kiryu атты радиостанцияның эфиріне жол тартқан болатын.

Бір ай бұрын Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты танымал жігіті атанған еді.

Танымал әнші туған Ақтөбе қаласында Димаштың есімімен байланысты туристік нысандар салынуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар