Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді осынау 90 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде. Қазақ ән өнерінің - анасы екеніңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге болашаққа апарар үлкен белес» -деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін, әнші қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар