Димаш Құдайберген Батыс Қазақстанның Қарттар үйінде болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына ІІІ қайырымдылық балына қатысу үшін еліміздің танымал әнші-композиторлары, продюсерлер, шоумендер, БАҚ қызметкерлері мен саясат өкілдері келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Гранд балдың салтанатты шарасы алдында «Бар маxаббатпен» акциясы ұйымдастырылды. Оның аясында әнші Димаш Құдайберген Облыстық қарттар үйіндегі ата-әжелермен кездессе ,  актер, Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаты Асылxан Төлепов еріктілермен бірге жалғызбасты қарияның ауласын тазалады . Композитор әрі әнші Ренат Ғайсин Көру қабілеті бұзылған облыстық балалар мектеп-интернатының оқушаларымен жүздесті. Ал журналист, тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы «Аналар үйінің» өкілдерімен және жалпы жас қыздармен тәлім-тәрбие, салт-дәстүр турасында әңгімелесті.

«ІІІ қайырымдылық гранд бал шарасы аясында ұйымдастырылған «Бар маxаббатпен» акциясы кезінде Димаш Құдайберген Облыстық қарттар үйіндегі ата-әжелермен кездесті», - деп жазылған қайырымдылық балдың Инстаграмдағы ресми аккаунтында. 


«Love for all» - «Бар махаббатпен» тақырыбымен өтетін биылғы қайырымдылық балдың мақсаты -  ауыр сырқаттарына қарамастан, өздерінің шынайы махабаттарымен жеті жыл бойы өзгеге үлгі болып келе жатқан Марлен мен Әнел есімді жастарға қаражат жинау. Сондай-ақ қайырымдылықтан түскен ақшаны ауыр дертке шалдыққан өзге балаларға беру көзделген.



Кештің ресми шарасы Оралдағы Салтанат сарайында өтеді. Оған қатысушылардың арасында Димаш Құдайберген, «Евровидение-2011» жеңімпазы Эльдар Гасымов, продюсер Жанар Байсемізова, әнші әрі актер Кәмшат Жолдыбаева, композитор Ренат Ғайсин, «Бастау» тобы, кештің басты кейіпкерлері - Марлен мен Әнел, актер әрі депутат Асылхан Төлепов, әншілер Ерке Есмахан және Гүлнұр Оразымбетовалар бар.

Кештің ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысатыны күтіледі. Қазақстан және әлемдік сахна жұлдыздары есту қабілеті нашар мектеп-интернаттың оқушыларымен бірге өнер көрсететін болады. 100 дебютант павана, кадриль, фин полькасы билерін және Шәмші вальсін орындамақ. 

Соңғы жаңалықтар