+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталды

2017 жылғы 27 наурыз 21:40
Бөлісіңіз:
 Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталды

АСТАНА.ҚазАқпарат - 24-кезекті «China Top music Awards» шарасы қытайдың Шанхай қаласы Mercedes Benz Arena-сында өтіп, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шараның «Азияның ең танымал әншісі» (Best Asia popularsinger) номинациясы бойынша марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеште Димаш өзін барша әлемге танымал болуына себепкер, әлемде ең қиын бес әннің бірі саналатын француздың «SOS d'un terrien endétresse» әнін шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты.
Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталды
Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталды

Бұған дейін Димаш шараның қызыл кілемінен өтіп, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталды


Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталды

Марапаттау кезінде Димаш Құдайберген көрермендерге қазақ тілінде алғыс айтты. «Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Өте қатты қуаныштымын.Бұл менің шет елдегі ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен мен өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рақмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатқан «Singer» жобасына алғыс айтамын! Менің қолдап жүретін барша тыңдармандарыма рақмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана», -деді Димаш.

Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталды

Айта кетерлігі, «China Top music Awards» - 1994 жылдан бері Азия елдеріндегі ең танымал әншілердің басын қосатын үлкен мерекелік шара. Бұл күнде ол Қытай музыкалық қоғамдастығындағы ең айтулы оқиғалардың бірі саналады. Сонымен қатар осы сыйлықты «қытайлық Грэмми» деп те атайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT