Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты танымал жігіті атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандасымыз Димаш Құайберген Азияның ең тартымды танымал жігіті атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Kingchoice.me сайты жазды.

«Димаш Құдайберген – Азиадағы ең көрікті танымал 100 жігіттің ішінде № 1». Kingchoice.me сайты бүгін осындай тақырыппен Азиядағы тартымды жұлдыздардың рейтингін жариялады .

Интернет қолданушылардың дауыс беруі бойынша түзілген рейтингіде қазақ әншісі 9,3 миллионнан астам дауыспен көш басында тұр. Одан кейінгі орындағы кореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин 8,1 миллионан астам дауыс жинаған.

Бұған дейін ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі Димаш Құдайберген Азияның 100 сымбатты жігіті рейтингінде көш бастап тұрғанын жазған .

Айта кетейік, 29 қыркүйек күні қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әні Кубаның ұлттық телеарнасының «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасында қойылды .

Биыл Димаш білім алған Ақтөбедегі музыкалық колледж 50 жылдығын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар