Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт атануы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген «Азиялық келбеттегі ең сымбатты ер адам» халықаралық конкурсына ресми түрде ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайберген «The Most Handsome Asian Faces of 2019» («Азиялық келбеттегі ең сымбатты ер адам») конкурсына ресми түрде ұсынылды», - делінген Instagram-дағы TC Candler тәуелсіз сарапшылар хабарламасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары онлайн дауыс беру арқылы таңдау жасай алады. Ол үшін Instagram-дағы tccasia_officia ресми аккаунтына жазылып, қатысушы туралы пікір қалдырады (тек бір қатысушы) және лайк басады. Дауыс беру 2019 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады.

Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық әнші TC Candler рейтингінде «Жылдың 100 сұлу тұлғасы» тізіміне енген болатын.

Соңғы жаңалықтар