+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген «Америка дауысына» қатысады

2017 жылғы 8 ақпан 12:31
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген «Америка дауысына» қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның айтуынша, әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы xалықаралық конкурстан кейін «Евровидениеге» қатысады. Содан кейін Америкадағы ән байқауында өз бағын сынап көрмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің екінші курс студентіміз - Димаш Құдайбергеннің Қытайда ел намысын қорғап жүргенін бәріміз жақсы білеміз. Бұған дейін ол «Жас қанатта», одан кейін «Славян базарында» жеңімпаз атанған. Қазір Қытайдағы xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Енді, біз оны «Евровидениеге» дайындап жатырмыз. Сосын ол «Америка дауысына» қатысады. Бүгін ол Лос-Анджелес қаласындағы мюзикл-шоуға шақыру алды», - деді Мұсақожаева бүгін Астанада өткен жиында.

Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы «I am singer» атты xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Бірінші кезеңде ол француз тіліндегі әнді орындап, қытайлық тыңдарманды таңқалдырды. Соңғы сында үшінші орыннан көрінсе де, жалпы ұпай саны жағынан бірінші болып келеді. Димаш келесі әнін қытай тілінде орындайтынын мәлімдеген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Димаш Құдайберген,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT