Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концерт береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Димаш көптен күткен жаңа концертін Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда алғаш рет өткізеді.

Әнші қымбатты тыңдармандарымен туған жеріндегі кездесуді асыға күтеді.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында өтеді.

Билет сатылымының басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com сайтында жарияланады.

Қосымша сұрақтар бойынша [email protected] электрондық поштасына хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар