Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның шығармашылық кешіне шақырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген ресейлік әнші Алла Пугачеваның шығармашылық кешіне қатысады. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алла Борисқызы Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше», - деп жазды ол.

«Аллаға арналған сыйлық» концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холл ғимаратында өтеді. Оған Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Светлана Лобода, Валерий Леонтьев сынды танымал жұлдыздар қатысатыны күтілуде.

Кеш жүргізушісі - әзіл-сықақшы Максим Галкин.

Алла Пугачева - Кеңес Одағының және Ресейдің эстрада әншісі, композитор, тележүргізуші және актриса. КСРО Халық әртісі (1991), РФ Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты (1995). Оның репертуарында орыс, ағылшын, француз, неміс, украин тілдерінде 500-ге жуық ән бар. Әнші 2019 жылдың 15 сәуірінде 70 жасқа толады.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің 22 және 23 наурыз күндері Кремль сарайында өткен концерттері аншлаг жинады. Димаштың өнерін тамашалауға әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйер келді.

null

Соңғы жаңалықтар