Димаш Құдайберген әлемдік брендтің амбассадоры болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген Jacob & Co компаниясының амбассадоры болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нью-Йорктен фотосурет. Біз Майкл Джексонмен және басқа да әлемдік жұлдыздармен ынтымақтасқан әлемдегі үздік сағаттардың негізін қалаушы Джейкоб мырзамен суретке түстік. Қазір мен Jacob & Co. @jacobandco амбассадорымын», - деп жазады әнші өзінің желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Бруклиндағы (Нью-Йорк) Barclays Center сахнасында Игорь Крутойдың «65-ке өмірде, бір-ақ рет толамыз» атты кеші өткен болатын. Концертке Димаш Құдайберген құрметті қонақ ретінде қатысып, бірнеше ән орындады.

Айта кетерлігі, дәл осы Бруклиндағы Barclays Center сахнасында Димаш та концерт береді. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен өтетін мәдени кеште әнші 4 тілде ән салады.

Соңғы жаңалықтар