Димаш Құдайберген «Әлем аруына» қатысатын қазақстандыққа қолдау көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ел намысын қорғайтын қазақстандық аруға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дайындықтамыз. Біздің сұлуға сәттілік тілеймін. Алға, Қазақстан», - деп жазды Димаш өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ән шырқайтындығы туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, 2018 жылғы «Әлем аруы - 2018» байқауы 8 желтоқсанда Қытайдың Санья қаласында 68-ші мәрте өткізіледі. Аталмыш байқауда әлемнің 120 елінен арулар бақ сынайды. «Әлем аруы - 2018» конкурсына еліміздің атынан Қазақстанның вице-аруы, қарағандылық Екатерина Дворецкая қатысады.

Соңғы жаңалықтар