Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ән шырқайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ән шырқайды. Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 желтоқсанда «Әлем аруы» байқауында қатысушыларды қолдап ән арнаймын. Көріскенше», - деп жазды әнші парақшасында.

Айта кетсек, 2018 жылғы «Әлем аруы - 2018» байқауы 8 желтоқсанда Қытайдың Санья қаласында 68-ші мәрте өткізіледі. Аталмыш байқауда әлемнің 120 елінен арулар бақ сынайды.

«Әлем аруы - 2018» конкурсына еліміздің атынан Қазақстанның вице-аруы, қарағандылық Екатерина Дворецкая қатысады. Жерлесімізге онлайн-дауысты мына сілтеме арқылы беруге болады.

 

Соңғы жаңалықтар