+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген әлем аруларын мерекесімен құттықтады

2020 жылғы 8 наурыз 14:06
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген әлем аруларын мерекесімен құттықтады

РИГА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге барлық жақсылықты, яғни бақыт, махаббат, отбасының амандығын тілеймін. Армандарыңыз орындалып, балаларыңыз лайықты адам болып өссін. Ерлеріңіз үнемі жандарыңызда болсын», - деді Д. Құдайберген Ригадағы концерті кезінде әйелдерге арнап айтқан құттықтауында.


Әншінің құттықтауы жазылған видеоны Instagram -дағы эстондық өнер сүйер қауымы жариялады.

Еске сала кетейік, 7 наурыз күні Ригада Димаштың концерті өтіп, оған әншінің өнерін құрметтейтіндер әлемнің 30 елінен келді.

9 наурызда Димаш Құдайберген Мәскеуде, 11 наурызда – Киевте, 19 наурызда – Гамбургте, 21 наурызда – Дюссельдорфта, 25 наурызда – Прагада, 29 наурызда – Штутгартта, ал 4 сәуірде Минскте концерт береді деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT