Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығында концерт береді

2019 жылғы 9 қаңтар 01:01 1616
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығында концерт береді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу кезінде концерт береді. Сонымен қатар облыстағы 12 аудан қалаға өз сыйын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ықылас, ниетіңіз үшін рахмет - Димаш ҚР Президентіне алғыс айтты

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған жоспар облыс әкімдігінде бекітілді. Жоспар бойынша қаланың 150 жылдығы мамыр айында өтеді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелеу аясында әнші Димаш Құдайберген концерт береді.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына мерейтойды еске салатын әлеуметтік, өндірістік нысандарды қолданысқа беру керек. Бұл шарадан бірде бір ақтөбелік тыс қалмайды. Әр адам өз үлесін қосуы тиіс", - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығында концерт береді 

Айта кетейік, қазіргі кезде 20-ға жуық өндіріс орнын, 6 жылыжай мен көкөніс қоймасын, 28 қызмет көрсету нысанын қолданысқа беру көзделіп отыр. Барлығы 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 3100 шаршы метр пәтер қолданысқа беріліп, балабақшалар мен мектептер ашылады.

"Бөкенбай батыр, Есет батырға, Ақтөбе кеңесінің бірінші төрағасы Василий Зинченкоға ескерткіш қойылады. Қаланың 150 жылдығына монумент орнатылып, деректі фильм түсіріледі. Қайырымдылық шараларына басымдық беріледі. Ал 12 аудан сыйға әлеуметтік нысандарды тарту етіп, көгалдандыруға атсалысады", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT