Димаш Құдайберген Ақтөбедегі сахнада: Үйде жүрген бөлек екен

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген «Бақытты бала» байқауының гала концертінде үш ән орындады. Ол туған жерге асыға жеткенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында өткен «Бақытты бала» байқауының гала концертінде әнші Димаш Құдайберген ән шырқады. Бұл күнді ақтөбеліктер ғана емес, әлемнің 10 елінен келген фантоп жетекшілері де асыға күтті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, фанаттары арасында 63 жастағы қария бар. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан Анита Рай Уорд арнайы келді.  Бүгін өзін сағына күткен фанаттары алдында ән шырқаған Димаш екі әннен соң сценарийден тыс сахнаға фортепиано алдырып, Естайдың әні «Құсни-Қорланды» орындады. 

«Жерлестер, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетіп тұрғаныма қуаныштымын, бақыттымын. Үйде жүрген бөлек екен. Балаларға арналған байқауға қатысып, оның өтуіне атсалысқан адамдардың бәріне отбасымның атынан алғысымды білдіремін. Сіздерді қатты сағымдым, қатты жақсы көремін»,- деді әнші Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдан арнайы келіп, «Бақытты бала» байқауының гала концертінде ән айтты. Әрі ол байқау кезінде ерекше әсер қалдырған Нарғыз Жанұзақоваға өзінің арнайы сыйын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар