Димаш Құдайберген Ақтөбеде фанаттарымен кездесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің фантоп жетекшілері бүгін әншімен, оның отбасымен кездесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеті ай бұрын туған күнімнен соң ютубты қарап отырып, Димашты көрдім. Кейін Қытайдағы байқауда айтқан әндерін тыңдап, бірден ғашық болдым. Арманым әншімен кездесу болды. Тұрмыстамын, екі балам бар. Шынымды айтсам, күйеуім мені Димаштан кішкене қызғанады. Мен Қазақстанға келгеніме, Димашты көргенім үшін бақыттымын»,- деді Димаш Құдайбергеннің Польшадағы фантоп жетекшісі Моника Василевская.

Димаш Құдайбергеннің фанаттары «Дайдидау» әнін жақсы көреді әрі жиі тыңдайды. Тіпті, әрқайсысы ұялы телефондарына тек Димаштың әндерін жүктеп алған. Олар қазақ тілін де үйреніп жүр. 
«Димаш адамдардың өмірін өзгертеді және әлем халқын біріктіреді. Алғаш рет әлеуметтік желіден көріп, таңқалдым. Өзім өткен жылы ЭКСПО көрмесі аясында болған «Бастау» концертінде болдым. Өзім АҚШ-та тұрғаныммен, ойым үнемі Қазақстанда. Димаштың ана тілінде орындаған әндерінің сөздерін түсінбеймін, бірақ жүрегіммен сезінемін», - деді АҚШ келген фантоп жетекшісі Алиса Келлог.
null

Айта кетейік, фантоп мүшелері ертең Димаш Құдайберген оқыған мектеп пен колледжге барып, «Бақытты бала» байқауына қатысып, қазақстандық өнерпаздардың концертін тамашалайды.

«Димашты достары, отбасы қатты жақсы көреді. Ол өз Отанының патриоты. Бұл әлем үшін үлгі, жақсы мысал», - деді Алиса Келлог.

Соңғы жаңалықтар