+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды

2019 жылғы 11 желтоқсан 16:54
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергенге «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру ұсынысын облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген түскен Жаңа жылдық мюзиклдің трейлері желіде жарияланды Димаштың атасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды Румынияда Димаштың фан-клубы оның концертін ұйымдастырғысы келеді - Нұрбах Рүстемов

«Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы қоғамдық бірлестіктер мен депутаттардың ұсынысымен қаралып, талқыланды. Барлығы 10 адамның аты-жөні аталғанымен, төртеуі лайықты деп танылды. Олар - философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық, «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин. Құрметті азаматтар қатарында бүгін Нью-Йорктегі концертін аншлагпен өткізген Димаш Құдайберген де бар.

«Димаш Қанатұлы - әнші, сазгер. 2004 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін тәмамдады. Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада-өнер кафедрасында оқып жатыр. 2010-2013 жылдары бірнеше вокалдық конкурстардың жеңімпазы атанды. Қазақстанда «Байқоңыр дауыстары», «Жас қанат», Украинадағы «Восточный базар», «Славянский базар» байқауының жеңімпазы. 2014 жылы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2015 жылы «Жыл әншісі» болып, 2016 жылы «Эстрада әртісі» сыйлығын иеленді. 2017 жылы Қытайда өткен байқауда жүлдегі орын алды», - деді Ақтөбе облысы әкімінің аппарат жетекшісі Нұржауған Қалауов.

Фото: vk.com/dimashdearseurasianfanclub

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT