Димаш Құдайберген 11 жасында Абай әнін шырқаған видеосын жариялады

None
Видеодан алынған кадр: instagram.com/kudaibergenov.dimash
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген бала кезінде Абай әнін шырқаған видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мереке қарсаңында Абай атамыздың әні – «Көзімнің қарасы». 11 жасар кезден естелік. Ақтөбе қаласы облыстық филармония жанынан құралған музыкалық «Саз» балалар мектебінің оқушысы», - деп жазды әнші Instagram желісінде.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында тың челлендж бастады. Бейнеүндеуінде әнші Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқып, челленджді барлық жанкүйері мен өнердегі әріптестеріне жолдады.

Кейінірек Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, пәкістандық студент және қостанайлық полицейлер бұл бастаманы жалғастырды.


Соңғы жаңалықтар