Димаш киген киім Қытайда 7 миллион теңгеге сатылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының бірінші кезеңінде киген сахналық киімі 158 890 юаньға (7,2 миллион теңге) сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Киім қытайлық mpaimai.jd.com ғаламтор сауда желісінде аукционға шығарылған. Бастапқы бағасы 188 юаньнан (8 500 теңге) басталған киімді сатып алуға 19 640 адам қатысып, 32 адам баға көтерген. Қорытындысында киім 158 890 юаньға сатылып, жеңімпазға Iphone 6S телефоны сыйға тартылған.
 

Mpaimai.jd.com сайтының хабарлауынша, киімді Димаш 27 наурыз күні Шанхай қаласындағы 24-кезекті «China Top music Awards» шарасы кезінде аталмыш сайтқа тарту еткен. Ал сайт атақты әншінің киімін сатудан түскен қаражатты Қытайдағы балалар қорына аударып, көмекке зәру балаларға жұмсайды.
 

Соңғы жаңалықтар