Димаш ІІ Еуропа Олимпиада ойындарының ашылуына Қазақстан туын «алып» шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ойындардың ашылуына әлем жұлдыздары Димаш Құдайберген мен Анна Нетребко қатысады». Минскіде басталған ІІ Еуропа Олимипиада ойындарының ашылуын Беларусь елінің орталық телеарналары осылай жарнамалап жатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаштың Минск әуежайына келген сәтінен YouTube желісінде ондаған видео тарады. Беларусь астанасындағы әншінің фан-клубы сүйікті өнерпаздарын қарсы алуға қаншалықты дайындалғанын сол роликтерден көруге болады. Құшақ-құшақ гүл, Димаштың аты жазылған әуе шарлары мен жүрек пішінді кәдесыйлар. «Жүректен жүрекке» деген ұранмен өткен кездесу туралы блогерлер де жарыса жазуда. Қазақстан әншісінің Мниск төріне келген сәтіне бейнеталдау жасап, желі қолданушылардың алғысына бөленіп жатқандар да бар.

Оқиға орнынан тікелей эфирге шығып, көрсетілім таратқан куәгерлердің айтуына қарағанда, Димаш мінген ұшақтың 10 минутқа кешігіп келуі фанаттардың көңіл күйіне еш әсер етпеген.

Белсенді фанаттар әншіні күтіп алу салтанатынан суреттер мен видеолар жүктеп қана қоймай, қазақстандық әншінің талантына алғаш рет қашан тәнті болғандарын еске алып, кездесуден алған әсерлерімен бөліскен.

«Димаштың өнерін 4 жылдан бері тыңап келемін. Мен де оны Витебск қаласында өткен «Славян базары» конкурсында көргенмін. Кейде қаптаған қыздар батальонының арасына қалай кіріп кеткеніме өзім де таңғалам» деп жазды Александр Возняк есімді жанкүйер.

Димаштың табынушылары сүйікті әншілерімен бір сәт дидарласып, өз қолдарымен жасаған кәдесыйларын табыстауға мүмкіндік алды.

Ал ойындардың ашылу салтанаты өтетін «Динамо» стадионындағы дайындық сәтінен Димаш өзінің Instagram парақшасына көріністер салды.

Осылайша салатанатты шара да басталған. 22 мың адам сыятын «Динамо» стадионында Димаш Құдайберген көк ту бейнеленген киіммен өнер көрсетті. Ол шырқаған «Олимпико» әні ашылу салтанатының шарықтау шегіне дөп келді. Еуропа Олимпиада комитетінің ресми туы осы ән барысында ортаға шығарылды.

Сілтідей тынған стадиондағы қонақтардың арасында бірнеше мемлекеттік Президенттері, олимпиада комитетінің басшылары да болды.

Соңғы жаңалықтар