Димаш Игорь Крутойдың АҚШ-тағы шоуын дүр сілкіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Димаш Құдайберген Instagram парақшасында ресейлік композитор Игорь Крутойдың Нью-Йоркте өткен шоуынан видеоүзінді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, Игорь Крутойдың Бруклиндағы (Нью-Йорк) Barclays Center сахнасында Игорь Крутойдың «65-ке өмірде, бір-ақ рет толамыз» атты кеші өткен болатын. Концерттік залға 19 мың адам сияды.

Шоу Нью-Йорк уақыты бойынша 26 қазанда сағат кешкі 19.00-де басталды. Қазақ әншісімен бірге америкалық сахнада Ресейдің танымал әншілері Филипп Киркоров, Николай Басков, Сергей Лазарев, Ирина Аллегрова, «А-Студио» қатарлы әншілері мен топтары өнер көрсетті. Димаштың жанкүйерлері әншіні әуежайдың өзінде қарсы алып, концертінде ұзақ қошеметпен құрмет көрсетті.

Ол өзінің Instagram парақшасында қазақ әншісі жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Рахмет, Нью-Йорк. 10 желтоқсанда дәл осы жерде менiң концертiмде кездескенше!» - деп жазды әнші.

Сондай-ақ, әнші Америкадағы концертінен 10 күн бұрын Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жеке концерті өткізетінін жеткізді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында 10 желтоқсанда концерт беретінін жазған болатынбыз. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ. Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Әнші Америкада төрт тілде ән шырқайды.

Соңғы жаңалықтар