Димаш Головкиннің арнайы шақыртуымен АҚШ-қа барып, Қазақстан әнұранын орындайды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген Лас-Вегаста GGG - Canelo 3 жекпе-жек алдында Қазақстанның әнұранын орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo 3 жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсетуі жоспарлануда», - деп жазылған dimash.news сайтының желідегі парақшасында.

Айта кетсек, 18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді.

Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Фото: instagram.com/dimash.news





Соңғы жаңалықтар