USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Димаш «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін Астанаға оралды

2017 жылғы 22 шілде 14:36
Бөлісіңіз:
Димаш «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін Астанаға оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы сапарын аяқтап Астанаға қайтып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін Астанаға оралды
Димаш 21 шілде Бейжіңнен Алматыға ұшып келді. Әнші бүгін Астана қаласында өтетін XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін елордаға оралды.

Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында «Туған жерге аман-есен жеттім! Бұйырса ертең Астанада халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде кездескенше, достар!», - деп жазды.

Көптеген жанкүйерлері әуежайға алдын-ала жиналып, әншіні қазақтың дәстүрімен шашу шашып, қошаметтеп қарсы алды.

Димаш «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін Астанаға оралды

Айта кетейік, Димаш 19 шілде күні Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы Asian Music GaLa шарасында «Ең танымал шет елдің әншісі», 20 шілде күні Шэньчжэнь қаласында 2017 MTV Music awards шарасында «Азияның ең танымал шетелдік әншісі» номинациясы бойынша марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ризабек Нүсіпбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT