+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Димаш Джеки Чанның фильміне саундтрек жазды

2020 жылғы 16 қаңтар 16:41
Бөлісіңіз:
Димаш Джеки Чанның фильміне саундтрек жазды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа «Авангард» фильміндегі саундтректі орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар, сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Джеки Чан жаңа «Авангард» фильмін түсірді. Осы фильмдегі саундтректі мен орындадым. Киноға барыңыздар, Джеки Чанның жаңа фильмін тамашалаңыздар және менің әнімді тыңдаңыздар», - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

«Жаңа кино адамзатты арманнан, жақсылықтан күдер үзбеуді үйретеді. Осы орайда, жиырма жылдан астам уақыт музыкамен кәсіби айналысып келе жатырмын, осы уақыт бойы Джеки ағаның тұрақты жанкүйері болып келемін. Джеки ағаның киноларындағы бір әнді орындасам деп бала кезден армандайтынмын. Сондықтан, қазіргі қуанышымды сөзбен жеткізу қиын», - деді Димаш.

Сонымен бірге, фильм таныстырылымында Димаш Джеки Чан репертуарындағы танымал әндердің бірін орындады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT