Димаш бүгінгі жекпе-жегінен кейін Головкиннің қолын алып, қолдау білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген бүгінгі жекпе-жегінен кейін Геннадий Головкиннің қолын алып, қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз үшін сен чемпионсың және чемпион болып қала бересің!!! Алға Қазақстан!» - деп жазды әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Бір-біріне зор құрмет көрсеткен Қазақстанның қос жұлдызына желі қолданушылары да ізгі тілектерін жаудырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Геннадий Головкиннің арнайы шақыртуымен Димаш Құдайберген GGG-Canelo үшінші жекпе-жегі алдында Мемлекеттік әнұранымызды орындап, спортшыға қолдау көрсеткен еді.

Сондай-ақ, әнші жерлесіміздің жеңісіне сенім білдірген болатын.

Алайда, 12 раундтық бокс жекпе-жегі төрешілердің шешімі бойынша мексикалық Сауль Альварестің пайдасына шешілді .

Кәсіпқой мансабындағы ең қауіпті қарсыласы Сауль Альварестен екінші рет жеңіліс тапқанына, жасының 40-та болғанына қарамастан, Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан әлі кетпейтінін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар