Димаш «Baqytty bala» байқауының гала концертінде ән шырқайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Ақтөбеге келді. Ол бүгін «Baqytty bala» байқауының гала концертінде ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Димаш өзіне алғаш фортепианада ойнауды үйреткен ұстазы Дина Ниязованың сүйемелдеуімен ән шырқайды», - деп хабарлады »Baqytty bala« байқауының баспасөз қызметі.

Оның дайындық сәті әлеуметтік желіге шықты.

Еске салсақ, »Baqytty bala« вокалдық байқауы биыл екінші рет өтіп жатыр. Оған өтініш берген 500 өнерпаздың жиырмасы іріктелді. Гала концерт пен марапаттау рәсімі жергілікті сағат 18:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі «Baqytty bala» байқауына Димаш Құдайберген қатысуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар