+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Димаш «Азиядағы ең келбетті адам – 2019» рейтингінде үздік ондыққа енді

2019 жылғы 12 қараша 11:33
Бөлісіңіз:
Димаш «Азиядағы ең келбетті адам – 2019» рейтингінде үздік ондыққа енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы бір жетістігімен қуантты. Ол кеше «Азиядағы ең келбетті адам – 2019» рейтингісінде 8-орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Facebookтегі TC Candler парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты Димаш Құдайберген Тәуелсіздік күніне арналған концертте ән шырқады Димаш Құдайберген: Отаныма бір күні Грэмми жүлдесімен ораламын

Биыл тамыз айының соңында тәуелсіз сарапшылар TC Candler халықаралық конкурсында қазақстандық Димаш Құдайбергенді «Азиядағы ең келбетті адам» аталымына ұсынды.

TC Candler Азияның ең тартымды, ең келбетті 100 тұлғасы енген жыл сайынғы тізімін жариялады. Қазақстандық әнші Димаш бұл ретингте сегізінші орынға табан тіреді.

Парақшада жас әншінің бет-бейнесі тартымды, әрі дауысы керемет екені жазылған.

«Әлемнің барлық тұрғыны, ұлттар мен ұлыстар оны ерекше жақсы көреді» деп жазған TC Candler.

Димаш Құдайберген өткен жылы жер бетіндегі ең сымбатты 10 ер адамның қатарына кіргенін айта кету керек. Ол жолы Димашты қолдау үшін ол туралы жазбаға лүпіл басып, фотосуретінің астына пікір жазу керек болған.

Жанкүйерлер қойылған талапты бұлжытпай орындап, нәтижесінде Димаш үздіктердің қатарына енді. Ал оның кейбір жанкүйері қазақстандық әнші бірінші орында болуы керек деп санайды.

Олар әнші туралы «Димаш Жер планетасындағы ең келбетті жігіт», «Басқа қатысушылардың бет-жүзі әрленген, ал Димаш бояусыз-ақ сымбатты. Ол бірінші орынға лайық» деген сынды пікірлер жазған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT