Димаш Астанада өтетін концертіне қатысатын әлемдік жұлдыздарды таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген елордада өткелі жатқан концертіне қатысатын әншілерді таныстырды. Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

«Астана-Аренада өтетін Bastau атты кешіме аз күн қалды! Шығармашылығымды қолдап, бата беруге асыққан мыңдаған көрерменіме ризамын! Шоу-концерт алдында этика бойынша құрметті қонақ болып қатысқалы жатқан әншілерді таныстыруға рұқсат етіңіздер! Менің кешіме келген әр қонақ - еліміздің қонағы, сіздің үйіңізге келген қонақ деп қабыл алыңыз! Шын жүрекпен, достық ниетпен қарсы алайық!», - деп жазады ол.

Ал, Димаш Құдайбергеннің ресми өкілі Алпамыс Шаримовтың Инстаграм парақшасында жарияланған хабарламада кешке келетін құрметті әнші қонақтар таныстырылған:

«Терри Лин - Қытай елі.


Қытай елінің ең жарық жұлдызы. I аm Singer жобасында Димашқа қарсылас бола жүріп, қамқорлығын танытып, Қытай елінің жұлдыздарының ішінде достық ниетін танытқан алғашқы әншілердің бірі. Димаштың туған күнінде жеке концерттік киімін сыйға тартып, арнайы тілегін де білдірді. Тіпті, Димаш Терри Линді "қытайлық өкіл әкем" деп атап  кетті. Көп мәрте азиялық марапаттардың жүлдегері Терри Лин - 27 маусым күні өтетін Bastau атты кештің құрметті қонағы!

Loreen - Швеция.

"Евровидение 2012" байқауының жеңімпазы, данс-поп, евродэнс жанрында ән шырқайтын танымал Европа әншісі. Аты шулы Warner Music лейблымен серіктестікте қызмет атқаратын Лориннің 2012 жылғы "Heal" альбомы Европаның барлық ән шерулерінде топ жарды. Европаның сәлемін бізге Димаштың ән кешінде Лорин жеткізетін болады!

Элит-Бекстор Софи - Ұлыбритания.


1997 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келе жатқан әлемнің танымал әншісі. Көптеген танымал әндердің авторы, сазгер. Танымал сән брендтерінің жарнамасы оның әнімен сүйемелденіп, ал сұлу бейнесі жарнаманың өзіне айналды! Элис-Бекстор Софи Қазақстанда алғаш рет Димаштың жеке ән кешінде қонаққа келеді!

Кристина Орбакайте - Ресей.

Көрші елдің ыстық сәлемімен "Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген әртісі", "Top Hit awards" марапатының жүлдегері Кристина Орбакайте Димаштың концертіне арнайы келе жатыр. "Славян базарында" Димашқа жеңіс сыйлаған әндердің бірі "Опять метель" әні Кристина мен Димаштың дуэтінде қалай шырқалады екен?! 27 маусым бірге тамашалайтын боламыз!

Майра Мұхамедқызы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты».

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Астана қаласында «Сәлем» атты әнімен бейнеролик арқылы жанкүйерлері арасында конкурс жариялағанынхабарлаған болатынбыз .

Соңғы жаңалықтар