Dimash Arnau Tour-дың сахналық образы қалай жасалды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – әлемдік шоу-бизнес және кино жұлдыздар, оның ішінде Леди Гага және Мишель Уильямс сынды танымал тұлғалардың образдарын жасаған атақты дизайнер Leka Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркта өткен концертіндегі сахналық образының қалай жасалғанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Модельер Instagram-дағы парақшасына шеберханадағы видеоны салып, оның жанына әншінің сахнадағы сәттерін қосып «Жасалу магиясы. Dimash Arnau Tour-ға арналған сахналық образдар», - деп жазды.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Нью-Йорктағы Barclays Center сахнасында «Аrnau tour ENVOY» атты жеке концертін өткізіп, 12 желтоқсан күні Америкадан оралды.

Концерт аншлагпен өткен: ұйымдастырушыларға қосымша 1000 орын қосуға тура келген. Димаштың дауысын естуге әлемнің 60 елі - АҚШ, Австралия, Мексика, Ресей, Чили, Болгария, Филиппин, Испания, Канада, Қазақстан, Жапония және т.б. елдерден тыңдармандар жиналды.

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Димаш Құдайбергенге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар