Димаш АҚШ-тағы «The World's Best» байқауының екінші турында халық әнін орындайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауының екінші турында халық әнін шырқайды. Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Америкадағы байқау туралы шағын видео жолдаған Димаш Құдайберген көптеген елдерде өнер көрсеткенін, дегенмен, бұл жоба Америкадағы ең алғашқы байқауы екенін айтады.

«Ертең менің арманым орындалатын күн. Қазақтың халық әні Американың орталық арнасында. The world's best», - деп жазды әнші өз парақшасында.

Еске сала кетсек, осыдан екі апта бұрын Димаштың «The World's Best» байқауының алғашқы турында өнер көрсеткен видеосы жарияланған болатын. Әнші бірінші раундта әнсүйер қауымның құлағының құрышын қандырған S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады.

Соңғы жаңалықтар