Димаш АҚШ-тағы интернет сауалнама жайлы: Ол ештеңені шешпейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы танымал интернет алаңдарының бірі - Ranker-дегі «The Best Singers of All Time» (Дәуірдің ұлы әншілері) сауалнамасында өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Америкадағы сайттардың бірінде менің де атым аталған сауалнаманың жүргізілгенін білдім. Сіздердің дауыс бергендеріңізге, қолдауларыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Алайда бұл сауалнаманың белгілі бір байқауларға, наградалар мен телевизиялық жобаларға түк қатысы жоқ. Бұл тек интернет сауалнама және ол ештеңені шешпейді))) Маған әрдайым қолдау білдіріп келе жатқандарыңызға және Қазақ халқына зор алғысымды айтамын. Менің шығармашылығымды осылай бағалайтын жанкүйерлердің болуы мен үшін зор мәртебе. Мен сіздердің фанаттарыңызбын. Welcome to Kazakhstan! Мен сіздерді сүйемін», - деп жазды әнші Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын Димаш Құдайберген АҚШ-тағы танымал интернет алаңдарының бірі - Ranker-дегі «The Best Singers of All Time» (Дәуірдің ұлы әншілері) дауыс жинау сайысында үздік ондықтың қатарында келе жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Алайда арада көп уақыт өтпей, Димаш жүздіктің қатарынан шығып қалды.

Соңғы жаңалықтар