Димаш «Аққуым» әнінің бейнебаянын ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген "Аққуым" әнінің бейнебаянын жарыққа шығарды. Бұл туралы әнші Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Көктемнің осы бір ең әдемі күні асыл әжелерге, ардақты аналарға, ақжарқын әпкелерге, аяулы аруларға ізгі тілектерімді жолдаймын. Сіздер барда әлем көрікті, адамзат атаулы асқақ, бүлдіршіндер бақытты. Көңілдеріңіз көрікті, жүздеріңіз сұлу, жүректеріңіз нұрға, өмірлеріңіз әдемі жырға толсын! Осынау атаулы мерекеде сіздерге сыйлық ретінде лирикалық сезімге толы "Аққуым" әнінің бейнебаянын ұсынамын!",- деп жазды Димаш.

Жаңа бейнебаян әншінің ютубтағы ресми арнасында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар