+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Дильназ Ахмадиеваға әлеуметтік желіде тіл тигізген алматылық істі болды

2019 жылғы 17 мамыр 10:59
Бөлісіңіз:
Дильназ Ахмадиеваға әлеуметтік желіде тіл тигізген алматылық істі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Полиция департаменті ұлтаралық араздықты қоздырған 29 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тұрғыны Instagram желісі арқылы саналы түрде ұлтаралық және діни сипаттағы алауыздық тудыратын әрекеттерге барған.

«Ол өткен жылдың күзінде Instagram желісінде азаматша Д.Ахмадиеваның парақшасында өз логинімен өрескел пікірлер қалдырған. Осылайша, бұған дейін де қарақшылық бойынша сотты болған жігіт әлеуметтік желі арқылы ұлттық және діни сипаттағы алауыздық тудырған. Келіп түскен арыздар бойынша полиция ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында алауыздықты насихаттаушының кім екені анықталды. Сот сараптамасы жауапкердің желіде қалдырған пікірлерінде ұлттардың ар-намысына тиетін сөздер болғанын растады. Ол өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады» - делінген департаменттің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын өзгелердің жеке басына тіл тигізіп, ұлты мен діни сенімін қорлаудан сақ болуға шақырады. Себебі ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT