Əділ Батырбеков «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқаратын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Əділ Батырбеков "Казкоммерцбанк" АҚ Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқаратын болды.

Айта кету керек,  банктің бүрынғы төрағасы Мағжан Əуезов Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Соған байланысты М. Əуезов банктің басқарма төрағасы лауазымынан кетті. 

Банктің баспасөз қызметі хабарлағандай,  басқарма төрағасының міндетін уақытша Əділ Батырбеков атқаратын болды. 

"Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы болу үшін үміткердің басқа қызметі болмауы керек. Сол себепті М. Əуезов банктің барлық құрылымындағы басшылық қызметінен кетті", - деді банктің баспасөз қызметі. 

"Казкоммерцбанк" АҚ басым акциясының иесі Кеңес Рақышев пен директорлар кеңесінің төрағасы Марк Хольцман Мағжан Əуезовке банктің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. 

Айта кетейік,  Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің  бұрынғы төрағасы Асқар Елемесов кеше өз еркімен орнынан кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар