«Дикий Арманды» қамауда ұстау тағы 2 айға ұзартылды

None
Видеодан алынған кадр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар