«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты»,- деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.





Видеодан алынған кадр










Соңғы жаңалықтар