+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Диқандар ТЖ кезінде егіс науқанын рұқсат етілген жұмыстар қатарына енгізуді сұрады

2020 жылғы 8 сәуір 16:15
Бөлісіңіз:
Диқандар ТЖ кезінде егіс науқанын рұқсат етілген жұмыстар қатарына енгізуді сұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқанын рұқсат етілген жұмыстардың қатарына енгізуді сұрап, аймақ басшыларына хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі бері коронавирус пандемиясына байланысты көктемгі дала жұмыстарына қатысты адамдар мен техникаларды, азық-түлікті тасымалдау бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне көптеген өтінім келіп түсті. Аталған мәселені шешу үшін министрлік облыс әкімдерінің бәрінің атына тиісті хат жолдады. Біз әкімдерден көктемгі дала жұмыстарын – төтенше жағдай уақытында рұқсат етілген жұмыстардың қатарына енгізуді өтініп отырмыз. Сонымен қатар, аймақ басшыларынан көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруаларды техникамен, тыңайтқыштармен, өсімдікті қорғау құрылғыларымен, мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді бақылауға алуды өтінеміз», - деді Айдарбек Сапаров онлайн режимде ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша АШМ облыс әкімдіктеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің бірыңғай алгоритмін жолдаған. Ол алгоритм егіс науқанын өткізу үшін адамдар мен көліктердің жеке тізімін дайындауды қарастырады.

«Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары мен «Атамекен» палатасының өңірлік филиалының басшыларын облыстық штабтың құрамына кіргізуді өтінеміз. Осылайша егіс науқанына араласатын адамдар мен техникалардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз еткіміз келеді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT