Digital Bridge-2022 технологиялық форумына Түркі ұйымының мүшелері қатысып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Digital Bridge 2022» технологиялық форумына Түркі ұйымының мүшелері қатысып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форумның ашылуында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төрт жылдың ішінде бұл форум осы аумақтағы ауқымды әрі өңірлік алаңға айналды. Форумның аясы жыл сайын кеңейіп, жаңа елдер, жаңа компаниялар қосылуда. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Мен мына бір мәселеге арнайы тоқталғым келіп отыр. Түркі мемлекеттері ұйымының VIII саммитінде мен түркі елдерінің ІТ саласында жұмыс істеп отырған компаниялардың өзара тиімді байланысын нығайту үшін Қазақстанға шақырдым. Бүгін осы бастаманың іске асып отырғанын ерекше атап өткім келеді», - деді Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев форумның тақырыбы Қазақстанның цифрлық технологиялар нарығындағы стратегиясымен сәйкесетенін атап өтті.

«Форумның тақырыбы – «Орталық Еуразия – жаңа технологиялық платформа». Яғни, біздің аймақтың кең ауқымды даму перспективаларын көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.





Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар