Диджей Иманбек Зейкенов жаңа трек шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Grammy иегері, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірлескен жаңа сингл шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Imanbek жаңа трекпен Instagram-парақшасында бөлісті.



Еске салсақ, Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.

Бұған дейін Ақсу гарнизонының басшылығы музыканттың әкесі Марат Сүлейменовті Наурыз мерекесімен әрі ұлы Иманбек Зейкеновтің жеңісімен құттықтап, 1-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін табыстаған еді.

Иманбекті Grammy иегері атануымен алғаш болып құттықтағандардың ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

Жуырда павлодарлық диджей сондай-ақ Rita Ora және David Guetta сияқты әлемге әйгілі музыканттармен бірлесіп жаңа ән жазған болатын.

Жас музыкант өзінің ресейлік менеджерімен бірге «По студиям» YouTube арнасына берген сұхбатында бірнеше әлемдік жұлдызбен бірлескен жобаларды қолға алғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар