Diamond Princess экипажы 20 күндік карантиннен кейін кемеден шығарылады

ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат - Жаңа коронавирустің өршуіне байланысты Жапонияның Иокогама портында карантинге қойылған Diamond Princess круиз кемесінің экипаж мүшелері бүгіннен бастап кемеден шығарылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша кемеден шығару бірнеше күнге созылуы мүмкін. Экипаж мүшелері, оның ішінде шетелдік азаматтар Токио маңындағы Сайтама префектурасында уақытша дәрігерлердің бақылауында болады.
Ақпан айының басында Йокогама портына жеткен кезде круиз лайнерінің бортында 56 ел мен аймақтан келген 3 700 жолаушы және экипаж мүшелері болған. Соңғы жолаушылар өткен аптада жағаға шығарылды.
Жапония 900-ге жуық коронавирус жұқтыру жағдайын растады, олардың көпшілігі карантиндегі кемеге қатысты.
Кеме Гонконг, Вьетнам және Тайвань елдеріне, сондай-ақ Окинава аралының оңтүстік префектурасында тоқтағаннан кейін үшінші ақпанда карантинге оқшауланды.
Еске сала кетейік, «Diamond Princess» круиз кемесінің бортында қазақстандық екі әйел және екі бала болған. 23 ақпанда олар Қазақстанға оралып, елордада карантинге жатқызылды.
- Қазақстанда банк, ломбард және басқа да қаржы ұйымдарының жұмыс режимі өзгерді
- 23 қаңтардан бастап Қарағанды облысында карантин шектеуі күшейтіледі
- Жаңа қаулы: Елордалық сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
- Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі
-
ШҚО тұрғындарының 20 пайызына коронавирус вакцинасы салынады
-
Солтүстік Қазақстанда КВИ жұқтырғандар бір аптаның ішінде 36 пайызға артты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам