+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Дезинфекция өкпе қабынуына ықпал ете ме: Бекшиннің жауабы

2020 жылғы 31 шілде 17:58
Бөлісіңіз:
Дезинфекция өкпе қабынуына ықпал ете ме: Бекшиннің жауабы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин дезинфекция құралдарының пневмония ауруын қоздырмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда  2 079 адам коронавирустан емделіп шықты Елімізде 517 адам коронавирус жұқтырды Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды

Ж. Бекшиннің айтуынша, адамдар өзін-өзі емдемек болып ауруын асқындырып алады. Кез-келген ауруды білікті маман емдегені дұрыс.

Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, симптомсыз жүрген науқастар қауіп тудырып отыр.

Кей жағдайда тыныс алу жолдарының шырышты қабығындағы коронавирус симптом тудырмаса да өкпеге түсе келе қабыну тудыруы мүмкін.

«Инфекция жоғарғы тыныс жолдарынан жылжи келе өкпеге түседі. Жоғарғы тыныс жолдары таза болады да, ПТР талдауы ештеңе көрсетпейді. Ал инфекция төменгі тыныс жолдарына түсіп кетуі мүмкін», - деді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, бүгінде қаланың стационарлық орталықтарында 700 науқас жатыр.

«Олар кезінде симптомсыз жүріп, кейін пневмониясы асқынған науқастар», - деді ол.

Жандарбек Бекшин дезинфекция құралдарының барлығы Қазақстанда тіркелген, ЕАЭО аумағында қолданыстағы, сертификатталған құралдар болып табылатынын айтты.

«Негізінен Глюкозамин мен Акма-Хлор 0,003% және 0,05% дозасында қолданылады. Бұл адам ағзасы үшін қауіпсіз концентрация», - деді Бекшин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT