Дэвис Кубогының ширек финалындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватия құрамасы Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Хорватия құрамасы Дэвис Кубогының әлемдік тобының ағымдағы ойынындағы төртінші команда. 2005 жылы команда жеңімпаз атанып, екі жыл бұрын финалда ойнады. Мықты теннисшілерінің бірі US Open-2014 жарысының жеңімпазы, «Уимблдон-2017» және Австралия-2018 ашық чемпионатының финалисі Марин Чилич (3).

Қазақстан/Хорватия матчы 6-8 сәуірде өтеді, онда хорваттар команда қабылдаушы тарап болады.

ҚР құрамасы Астанадағы Дэвис Кубогының 1/8 финалында швейцариялықтарды 4:1 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар